Головкин АҚШ-тағы ереуіл мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты ойын білдірді


Главная » Новости » Головкин АҚШ-тағы ереуіл мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты ойын білдірді

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) полиция құрықтауы кезінде қайтыс болған қара нәсілді Джордж Флойдтың өліміне байланысты АҚШ-та болып жатқан ереуіл мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты пікірін білдірді. 

GGG өзінің Instagram желісіне қара сүйрет қойыпты. Осылайша, Головкин Blackout tuesday флэшмобына қосылатынын білдірген. Оның мәнісі сейсенбі күні (2 маусым АҚШ-та) адамдар әлеуметтік желілерде көңіл көтеретін ештеңе жарияламай, Black lives matter («Қара нәсілділердің өмірі маңызды») қозғалысын қолдайтын жазба қалдыру қажет.