Тұрсынбай Құлахметтің қарсыласы белгілі


Главная » Новости » Тұрсынбай Құлахметтің қарсыласы белгілі

Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі Тұрсынбай Құлахметтің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуіндегі қарсыласы белгілі, деп хабарлайды SPORTTIME.KZ тілшісі.

Алматы қаласында 18 шілдеде өтетін MTK KAZAKHSTAN FIGHT NIGHT бокс кешінде Тұрсынбай тағы бір қазақстандық Сағадат Рахманқұлмен кім мықтыны анықтайды. Сағадат Рахманқұлов бүгінгі күнге дейін кәсіпқой бокста алты кездесу өткізіп бесеуінде жеңіске жеткен. Әуесқой бокста да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері бар. Кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуінде мексикалық Косме Ривераны нокаутқа жіберген. Айта кетерлігі, Рахманқұлов Америкада тұрып сол жақта жаттығуын өткізеді.

Тұрсынбай Құлахметке келсек бұл оның кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі. Әуесқой бокста алғаш рет ел назарын өзіне 2013 жылы аударды. Сайдың тасындай іріктелген кіл мықтылар жиналған 75 келіге дейінгі салмақта қарсылас жыдатпай ел чемпионы атанған Тұрсынбай 2014 жылы Бакуде өткен Ислам ойындарында да тұғырдың биік сатысына көтерілді. Сондай-ақ Тұрсынбай Құлахметтің Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері деген атақтары да бар.

Бұған дейін біз MTK KAZAKHSTAN FIGHT NIGHT бокс кешінің басты жекпе-жегінде Арман Рысбек пен Дәурен Елеусінов кездесетінін хабарлағамыз.