Дәурен Елеусінов пен Арман Рысбек Алматыдағы бокс кешінің бастық жекпе-жегінде кездеседі


Главная » Новости » Дәурен Елеусінов пен Арман Рысбек Алматыдағы бокс кешінің бастық жекпе-жегінде кездеседі

MTK KAZAKHSTAN менеджерлік компаниясы Алматы төрінде үлкен бокс кешін ұйымдастырмақ.

MTK KAZAKHSTAN FIGHT NIGHT бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық қос боксшы кездеседі. Бүгінгі күнге дейін кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген  Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) пен Арман Рысбек (7-0, 6 КО) Алматы төрінде құрылған шаршы алаңда кім мықтыны анықтайды.

Дәуреннің әуесқой бокстағы жеткен жетістігі бір басына жетіп артылады. Соның ішінде Азия чемпионатындағы қола жүлдесін бөліп жарып айтуға болады.

Арман Рысбек те осалдар қатарынан емес. Қазақстан чемпионатында топ жарған, «Астана Арландары» сапында Бүкіләлемдік бокс сериясында жеңімпаз атанған.

Айта кетерлігі, Алматыдағы бокс кеші көрерменсіз өтеді. Ұйымдастырушылар барлық санитарлық нормалардың сақталатындығын айтып отыр.