Бокс


Басты бет » Бокс
Әлемнің үздік он боксшысы қатарында Головкин де бар

Статистика жүргізетін әлемдік Boxrec.com порталы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік ондыққа енген боксшылар тізімін жариялады. Мықтылар қатарында ел мақтанышы Геннадий Головкин де бар. Ол тізімде төртінші орында тұр. Үздіктер көшін максикалық Сауль Альварес бастап тұр. Екінші орында британиялық Тайсон Фьюри. Үздік үштікті кіші Эррол Спенс түйіндеді. Бұрынғы ТМД елдері өкілдерінен Головкиннен өзге мықтылар қатарына украиналық Василий […]

Дәурен Елеусінов пен Арман Рысбек Алматыдағы бокс кешінің бастық жекпе-жегінде кездеседі

MTK KAZAKHSTAN менеджерлік компаниясы Алматы төрінде үлкен бокс кешін ұйымдастырмақ. MTK KAZAKHSTAN FIGHT NIGHT бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық қос боксшы кездеседі. Бүгінгі күнге дейін кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген  Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) пен Арман Рысбек (7-0, 6 КО) Алматы төрінде құрылған шаршы алаңда кім мықтыны анықтайды. Дәуреннің әуесқой бокстағы жеткен […]

Тұрсынбай Құлахметтің қарсыласы белгілі

Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі Тұрсынбай Құлахметтің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуіндегі қарсыласы белгілі, деп хабарлайды SPORTTIME.KZ тілшісі. Алматы қаласында 18 шілдеде өтетін MTK KAZAKHSTAN FIGHT NIGHT бокс кешінде Тұрсынбай тағы бір қазақстандық Сағадат Рахманқұлмен кім мықтыны анықтайды. Сағадат Рахманқұлов бүгінгі күнге дейін кәсіпқой бокста алты кездесу өткізіп бесеуінде жеңіске жеткен. Әуесқой бокста да ауыз толтырып айтарлықтай […]

Пакьяо Головкинмен жұдырықтасқысы келеді

Филипиннің даңқты кәсіпқой боксшысы Мэнни Пакьяо Қазақстанның мақтанышы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келеді. Бұл жайында WBA нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионының бапкері Фредди Роуч мәлімдеді. – Мықтылармен жұдырықтасуды Мэннидің жаны сүйеді. Ол ешқуақытта ешкімнен қаймықпаған. Әуелі Майки Гарсиямен күш сынасуды көздеп отырмыз. Одан кейін салмағын арттырып, Геннадий Головкинге қарсы шығуды жоспарлауда. Сөз жоқ, GGG […]

Головкин АҚШ-тағы ереуіл мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты ойын білдірді

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) полиция құрықтауы кезінде қайтыс болған қара нәсілді Джордж Флойдтың өліміне байланысты АҚШ-та болып жатқан ереуіл мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты пікірін білдірді.  GGG өзінің Instagram желісіне қара сүйрет қойыпты. Осылайша, Головкин Blackout tuesday флэшмобына қосылатынын білдірген. Оның мәнісі сейсенбі күні (2 маусым АҚШ-та) адамдар әлеуметтік желілерде көңіл көтеретін […]

Отандық бокстың оғыланы

Ел спортында Болат Жұмаділовке екі бірдей тарихи көрсеткіш тиесілі. Біріншісі, ол – қазақ боксшылары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Бұл атаққа қандасымыз 1999 жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласында қол жеткізді. Екіншісі – Жұмаділов екі Олимпиаданың финалында күш сынасқан Қазақстандағы тұңғыш және әзірге жалғыз былғары қолғап шебері. Ол Атланта мен Сиднейдегі жарыстың ақтық сынында өнер көрсетті. Болаттың […]

Талғат Шәйкен кәсіпқой боксқа ауысты

Еліміздегі аса дарынды жас былғары қолғап шеберлерінің бірі Талғат Шәйкен кәсіпқой рингте күш сынасуды құп көрді. Бұл ақпаратты MTK Global Kazakhstan компаниясының баспасөз қызметі таратып отыр. 19 жастағы Көкшетау бокс мектебінің түлегі 2018 жылы Аргентинаның астанасы – Буэнос-Айресте алауы тұтанған жасөспірімдердің Дүниежүзілік Олимпиадасында күміс медальді иеленіп, көпшілік назарын өзіне аударған болатын. Көп ұзамай ол жастар […]

Нұржан Сманов: Бір арманым іште кетті
30 Сәуір, 2020

Кезінде даңқты бапкер Әбдісалан Нұрмаханов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ұлттық құрама сапындағы өзінің таңдаулы шәкірттерінің бірі Нұржан Смановты «Қазақ боксының ақыл-ойы!» деп атаған еді. Көпшілік мұны жас жігіттің айшықты өнері ғана емес, ой-өресінің де биіктігіне берілген баға ретінде қабылдады. Иә, ұзақ жылдар отандық боксты өрге сүйреген Әбекеңдей ақсақалдың дуалы аузынан шыққан осы теңеуге ешкімнің таласы […]