Статистика жүргізетін әлемдік Boxrec.com порталы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік ондыққа енген боксшылар тізімін жариялады. Мықтылар қатарында ел мақтанышы Геннадий Головкин де бар. Ол тізімде төртінші орында тұр. Үздіктер көшін максикалық Сауль Альварес бастап тұр. Екінші орында британиялық Тайсон Фьюри. Үздік үштікті кіші Эррол Спенс түйіндеді. Бұрынғы ТМД елдері өкілдерінен Головкиннен өзге мықтылар қатарына украиналық Василий […]
MTK KAZAKHSTAN менеджерлік компаниясы Алматы төрінде үлкен бокс кешін ұйымдастырмақ. MTK KAZAKHSTAN FIGHT NIGHT бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық қос боксшы кездеседі. Бүгінгі күнге дейін кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) пен Арман Рысбек (7-0, 6 КО) Алматы төрінде құрылған шаршы алаңда кім мықтыны анықтайды. Дәуреннің әуесқой бокстағы жеткен […]
Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі Тұрсынбай Құлахметтің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуіндегі қарсыласы белгілі, деп хабарлайды SPORTTIME.KZ тілшісі. Алматы қаласында 18 шілдеде өтетін MTK KAZAKHSTAN FIGHT NIGHT бокс кешінде Тұрсынбай тағы бір қазақстандық Сағадат Рахманқұлмен кім мықтыны анықтайды. Сағадат Рахманқұлов бүгінгі күнге дейін кәсіпқой бокста алты кездесу өткізіп бесеуінде жеңіске жеткен. Әуесқой бокста да ауыз толтырып айтарлықтай […]
Бүкіл әлемді дүрліктірген коронавирус індеті спорт саласының күнтізбесіне айтарлықтай өзгерістер енгізді. Токио Олимпиадасы 2021 жылға шегерілді. Еліміздегі барлық спорттық шаралар мен жаттығу-жиындары да маусым айына дейін тоқтатылған болатын. Осы және басқа да мәселелерге қатысты еліміздің белді балуаны Нұрислам Санаев өз ойын айтып берді. «Өздеріңіз білетіндей боз кілемдегі жаттығулар карантин кезінде рұқсат етілмеді. Дегенмен, кәсіби спортшы […]
Филипиннің даңқты кәсіпқой боксшысы Мэнни Пакьяо Қазақстанның мақтанышы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келеді. Бұл жайында WBA нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионының бапкері Фредди Роуч мәлімдеді. – Мықтылармен жұдырықтасуды Мэннидің жаны сүйеді. Ол ешқуақытта ешкімнен қаймықпаған. Әуелі Майки Гарсиямен күш сынасуды көздеп отырмыз. Одан кейін салмағын арттырып, Геннадий Головкинге қарсы шығуды жоспарлауда. Сөз жоқ, GGG […]
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) полиция құрықтауы кезінде қайтыс болған қара нәсілді Джордж Флойдтың өліміне байланысты АҚШ-та болып жатқан ереуіл мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты пікірін білдірді. GGG өзінің Instagram желісіне қара сүйрет қойыпты. Осылайша, Головкин Blackout tuesday флэшмобына қосылатынын білдірген. Оның мәнісі сейсенбі күні (2 маусым АҚШ-та) адамдар әлеуметтік желілерде көңіл көтеретін […]
Қаржылай қиындықтарға байланысты «Астана-Жас» және «Астана М» бір командаға біріктіріледі, — деп хабарлайды отандық басылымдар. Біріккен жаңа команда бірінші лигада өнер көрсететін болады. Бапкерлер штабы мен ойыншылар іріктеледі. Айта кетейік, бұған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Астана» футбол клубын қаржыландыруды қысқарту мүмкіндіктерін қарастырып отырғаны хабарланған.
АҚШ-тың CBS телеарнасы аралас жекпе-жек өнері тарихындағы ең үздік спортшылардың рейтингін жария етті. Үздіктер көшін даңқты Джон Джонс бастап тұр. Келесі айда 33 жасқа толғалы отырған америкалық спортшы өз карьерасын 2008 жылы бастаған еді. Сол кезден бері 28 мәрте айқас алаңына шығып, 26 рет жеңіске жетті. 16 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Жалпы ол ешбір қарсыласына […]
Ел спортында Болат Жұмаділовке екі бірдей тарихи көрсеткіш тиесілі. Біріншісі, ол – қазақ боксшылары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Бұл атаққа қандасымыз 1999 жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласында қол жеткізді. Екіншісі – Жұмаділов екі Олимпиаданың финалында күш сынасқан Қазақстандағы тұңғыш және әзірге жалғыз былғары қолғап шебері. Ол Атланта мен Сиднейдегі жарыстың ақтық сынында өнер көрсетті. Болаттың […]
Еліміздегі аса дарынды жас былғары қолғап шеберлерінің бірі Талғат Шәйкен кәсіпқой рингте күш сынасуды құп көрді. Бұл ақпаратты MTK Global Kazakhstan компаниясының баспасөз қызметі таратып отыр. 19 жастағы Көкшетау бокс мектебінің түлегі 2018 жылы Аргентинаның астанасы – Буэнос-Айресте алауы тұтанған жасөспірімдердің Дүниежүзілік Олимпиадасында күміс медальді иеленіп, көпшілік назарын өзіне аударған болатын. Көп ұзамай ол жастар […]